Маңғыстауда пойыздан 84 литр заңсыз алкоголь тәркіленді
АҚТАУ. KAZINFORM — Маңғыстау облысындағы № 329 «Душанбе — Волгоград» жолаушылар пойызында 84 литр заңсыз алкоголь тәркіленді.
Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің хабарлауынша, 2026 жылғы 20 сәуірде «Бейнеу» кеден бекетінің қызметкерлері Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметімен бірлесіп, Бейнеу станциясында № 329 «Душанбе — Волгоград» жолаушылар пойызына кедендік бақылау жүргізу барысында шетелдік өндірістің 84 литр (168 бөтелке) декларацияланбаған алкоголь өнімдерін анықтап, тәркіленген.
Тауар Өзбекстан азаматшасы (1994 жылы туған) жолаушының жеке заттарының арасында болған. Әйел алкогольді Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы міндетті декларациялаусыз және кедендік төлемдерді төлемей, багажында жасырып өткізуге тырысқан.
— Іс материалдарын қарау нәтижесінде 2026 жылғы 24 сәуірде Маңғыстау облысы Бейнеу аудандық соты Өзбекстан азаматшасын Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 545-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартты. Оған 64 875 теңге (15 айлық есептік көрсеткіш) мөлшерінде айыппұл салынып, тәркіленген тауарды конфискацияға алу тағайындалды, — делінген хабарламалда.
Бұған дейін, Ақтауда ет пен көкөніс бағасын негізсіз көтерген кәсіпкерлерге әкімшілік шара қолданылды.