Осы мақсатта онлайн сервистер мен iKomek бірыңғай байланыс орталығының қызметі қолжетімді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Сайлау күні қиындық туындамас үшін тұрғындар сайлаушылар тізімінде өз мәліметтерінің бар-жоғын алдын ала тексеріп, дауыс беретін учаскесінің мекенжайын нақтылай алады.
Өз сайлау учаскеңізді келесі тәсілдермен білуге болады:
• sailau.astana.kz ресми сайты арқылы;
• Telegram желісіндегі «Сайлау Астана» чат-боты арқылы;
• 109 нөміріне хабарласып, iKomek бірыңғай байланыс орталығы арқылы.
Сайлау күні учаскеңізге жеке басыңызды куәландыратын құжатыңызды алып баруыңыз қажет.
Айта кетейік, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіровке мәслихат сайлауында барлық кандидатқа тең жағдай жасауды тапсырды.
Бұған дейін мәслихат депутаттарының сайлауына қандай партиялар қатысатынын жаздық.
Мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы туралы өзекті жаңалықтарды осы жерден оқи аласыз.