Оның айтуынша, аумақтық сайлау комиссиялары дауыс беруге 20 күн қалғанда әкімдіктерден сайлаушылар тізімін алады.
— Биыл сайлауға 12 миллионнан астам сайлаушы қатысады деп жоспарланып отыр. Күнтізбелік жоспарға сәйкес, дауыс беруге 20 күн қалғанда аумақтық сайлау комиссиялары әкімдіктерден сайлаушылар тізімін алады. Содан кейін тізімдер түпкілікті қалыптастырылады, — деді Азамат Айманқұлов.
Еске сала кетсек, 29 қарашада Қазақстанда кезектен тыс мәслихат сайлауы өтеді.
Бұған дейін Орталық сайлау комиссиясы кандидаттардың қашан тіркеліп, үгіт-насихат жүргізе алатынын жариялаған еді.
Мәслихат депутаттығына кандидаттар сайлауға қатысу үшін 425 мың теңге көлемінде сайлау жарнасын төлеуі керек.
Сонымен бірге, ОСК 7 саяси партияның сайлауға қатысуына рұқсат берді.