Майамидегі Украина келіссөздері аяқталды

Фото: www.ntv.com.tr

АСТАНА. KAZINFORM — Украина делегациясының басшысы, Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесінің хатшысы Рүстем Умеров Майамидегі «америкалық және еуропалық серіктестермен» өткен кездесудің аяқталғанын жариялады, деп хабарлайды BBC.

Бұған дейін Ақ үйдегі дереккөзге сілтеме жасай отырып, AFP агенттігі америкалық тараптан Майамидегі келіссөздерге Стив Уиткофф пен Джаред Кушнер қатысқанын және Еуропа елдерінен Ұлыбритания, Франция және Германияның ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшілері болғанын хабарлады.

- Америка Құрама Штаттарында америкалық және еуропалық серіктестермен кездесуді аяқтадық. Америкалық серіктестерімізбен алдағы қадамдар мен жақын арада бірлескен жұмысты жалғастыру туралы келістік, - деп жазды Умеров.

Бұған дейін Зеленский Майамиде АҚШ пен Украина арасындағы жаңа келіссөздер өтетінін мәлімдеген еді.

Трамп Украинадағы соғысты тоқтату туралы келісім аяқталуға жақын екенін айтты.