Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жеделхатта Қатар Мемлекетінің бұрынғы Әмірі, Әмір-Әке шейх Хамад бен Халифа Әл Тәнидің өмірден озғаны туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабылдағанын жазды. Мемлекет басшысы Қатар Әмірінің және оның әулетінің, сондай-ақ отандастарының қайғысына ортақтасып көңіл айтты.
— Шейх Хамад бен Халифа Әл Тәни — Қатардың өсіп-өркендеуіне және халқының баянды болашағын қамтамасыз етуге тарихи үлес қосқан, халықаралық бейбітшілік пен тұрақтылықты нығайтуға риясыз қызмет еткен біртуар қайраткер. Қазақстандықтар әкеңіз шейх Хамад бен Халифаны парасатты басшы, халықаралық деңгейдегі беделді саясаткер, екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға зор еңбек сіңірген тарихи тұлға ретінде әрдайым есінде сақтайтын болады, — делінген жеделхатта.
Еске салсақ, Қатардың бұрынғы әмірі, ресми түрде «Әмір әке» атағын иеленген шейх Хамад бен Халифа Әл Тани 74 жасында дүниеден өткені белгілі болды.
Елде бұрынғы әмірдің қазасына байланысты төрт күндік аза тұту жарияланды.
Бұған дейін Мемлекет басшысы Моңғолия Президентіне құттықтау жеделхатын жолдағанын жазған едік.