Microsoft Жапонияда жасанды интеллект пен сақтау қызметіне 10 млрд доллар бөледі

АСТАНА. KAZINFORM – Microsoft корпорациясы Жапониядағы ең ірі инвестициялық жоспарын жариялады. Компания 2029 жылға дейін 1,6 трлн иен, яғни 10 млрд доллар көлемінде қаржы құяды, деп хабарлайды Kyodo агенттігі.

Фото: Report

Қаражат жасанды интеллект инфрақұрылымын, бұлтты есептеулерді, киберқауіпсіздікті нығайтуға және кадрларды дамытуға бағытталады. Компания Жапонияға алдағы төрт жыл ішінде, 2029 жылға дейін инвестиция салуды жоспарлап отыр.

Microsoft вице-төрағасы Брэд Смит Жапонияның премьер-министрі Санаэ Такаичиге компанияның SoftBank Group және сақтау қызметтері провайдері Sakura Internet-пен күш біріктіретінін мәлімдеді.

Техникалық инфрақұрылымды жаңғыртумен қатар, инвестиция мамандар даярлауға және киберқауіпсіздікті күшейтуге де жұмсалады. Өз кезегінде премьер-министр Санаэ Такаичи бұл жобаның Жапонияның деректер егемендігі үшін маңызын атап өтті.

Айта кетіһерлігі, бұл – Microsoft компаниясының елдегі ең ірі инвестициялық жоспары. 2024 жылы корпорация дата-орталықтар мен сақтау сервистерін дамытуға 2,9 млрд доллар инвестиция салған.

Еске сала кетейік, 2026 жылдың қаңтарында Microsoft дата-орталықтардың жұмысын үнемдірек етуге арналған жасанды интеллект чипін және GPT-5.2 нұсқасын таныстырған еді.

Сондай-ақ Microsoft AI-чип өндіруде Amazon мен Google-дан басым түсе бастады.

Былтыр Microsoft Windows 10 жүйесін қолдауды тоқтатып, жаңа қауіпсіздік жақсартулары бар Windows 11 нұсқасын шығарды.