«Өкінішке қарай, бұл жағдай өз қызметіне дұрыс қарамағаннан болды. Күдіктіні әдейі ешкім босатып жібермеді. Бұл оқиға бойынша қызметтік тексеріс те болды. Басшылық құрам мен күзетке қарайтын адамдар жауапқа тартылды. Атап айтқанда, осы оқиғаға қатысты іс қозғалды», - деді Е. Сәденов Сенаттың жалпы отырысынан кейін тілшілер сұрағына жауап бере отырып.
Еске салсақ, 25 қазанда Талғар ауданында кәмелетке толмаған қызды зорлады деген күдікпен ұсталып, уақытша ұстау изоляторынан қашып кеткен айыпты құрықталғаны мәлім болды.
Бұл тұрғыда изолятордан қашқан күдіктінің оқиғасы бойынша салғырттық бабымен іс қозғалды.