ҚР ҰОК мәліметінше, спортшы 80 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде алтын медаль үшін айқасқа шықты.
Ақтық сында отандасымыз Амирмахди Вазифехпен (Иран) кездесті. Жекпе-жек өте тартысты өтті. Жеңімпаз тек овертаймда анықталды. Амирмахди қарсыласын ауырту әдісімен жеңіп, алтын медальға ие болды.
Осылайша, Нұртілеу Өтеген жасөспірімдер Азиадасын күміс медальмен аяқтады.
Бұған дейін қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Санжар Иманғали Манамада (Бахрейн) өтіп жатқан 2025 жылғы жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында күміс жүлдегер атанғанын жазған едік.
Қазақстандық спортшы таеквондодан әлем чемпионатында тарихи жүлде жеңіп алды.
Санжар Қартай аралас жекпе-жектен жасөспірімдер Азиадасында чемпион атанды.