Мұғалімдер жалақысы, үштілділік, ҰБТ: Тамыз конференциясында не айтылды

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ұстаз қауымының жылына бір рет бас қосып, білім беру саласының өзекті мәселелерін кеңінен талқыға салып қана қоймай көкейлерінде жүрген ұсыныс-пікірлерін, ойларын да ашық айтуына барлық мүмкіншілік жасалған жиындардың бірі – Тамыз конференциясы бүгін елордадағы Тәуелсіздік сарайында өтті.

Дәстүрге айналған бұл жиын бұғандейінгі жылдардағы шаралардан айрықша өтті десек артық айтқан емес. Себебі,Тамыз конференциясы тарихында ел Президенті алқалы жиынға алғаш рет қатысып,мұғалімдердің жағдайын көтеруге, жалпы білім мен ғылым саласын дамытуға қатыстыкелелі ойларымен бөлісіп, Үкіметке нақты тапсырмалар да жүктеді. Мемлекетбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев конференция барысында отандық білім мен ғылым жүйесінің қордаланған8 мәселесін шешуге қатысты сөз қозғады.

Алдымен Қасым-Жомарт Кемелұлы мұғалімдердің біліктіліктеріне, оқулықтардың сапасына, заман талабына сайинфрақұрылым және материалдық қорға байланысты мәселелерді шешу үшін тиімдіжұмыс істеу қажеттігін айтып, білімберу жүйесінің сапасына ұсынылатын реформаларда педагогтардың нақтықажеттіліктерінің есепке алынбауы терісәсер етіп отырғандығын нақты айтты.

«Бүгіндемұғалімдерді кәсіби тұрғыдан дамыту Білім және ғылым министрлігінің салалыққұрылымдары өткізетін курстармен және семинарлармен шектеледі. Мұндайшаралардың қажет екендігі түсінікті. Дегенмен, аталған курстарда мұғалімдерқауымын толғандыратын өзекті мәселелер назарға алынбай қалады», - дедіҚасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекетбасшысы мұғалімдердің дайындық деңгейін бағалауға бағытталған оң идеяның дасалғырттықпен әрі біржақты жүзеге асырылғандығына назар аударды.

Педагогтар мен оқушыларға жаңартылған білім мазмұныаясындағы білімді бағалау жүйесі де психологиялық жүктеме болып отырғандығынатап өтті.

«Теріснәтиже болған жағдайда педагог оқу орнының басшылығы тарапынан қысымға ұшырапжатады. Себебі төмен баға мектеп рейтингіне теріс әсерін тигізеді. Бағалаужүйесінің қажет екендігі сөзсіз. Бірақ, бұл жерде салмақты әрі объективті қараукерек. Бұған қоса, педагогтарға қысымды болдырмау қажет. Жергіліктіәкімдіктердің өздерінің өкілеттіктерін жиі асыра пайдаланып, білім беружүйесіне ешқандай қатысы жоқ түрлі шараларға, әкімшілік мақсаттарғамұғалімдерді жұмылдыру тәжірибесі де тиылмай отыр. Үкіметке аталғанпроблемаларды шешу бойынша шұғыл, тіпті түбегейлі шаралар қабылдаудытапсырамын», - деді Қазақстан Президенті.

Қасым-ЖомартТоқаев көтерген екінші мәселе тәрбиеге қатысты болды.

«Тәрбие – сапалы білімніңнегізгі арқауы, діңгегі. Әл-Фарабидің «Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттыңқас жауы» деген сөзі барша білім саласы қызметкерлерінің бой түзер бағдары болуытиіс. Еліміздің жастары өзін жеке тұлға ретінде дамытумен қатар, мемлекеттіңозық инновацияларына сай өркендеуіне зор үлес қосуы қажет. Бұл қазіргі білімжәне тәрбие беру үдерісінің алдында тұрған маңызды міндет. Отандық білім саласытуған жеріңе, қоршаған ортаңа, өз тарихына құрметпен қарауға тәрбиелеп, ұлттыққұндылықтарды дәріптеуі тиіс. Кең ауқымды өтіп жатқан «Бірге таза Қазақстан»экологиялық акциясының дәл осындай бағыттары өте қажетті дұрыс бастама депсанаймын. Мұндай шараларға әрқашан қолдау көрсете береміз», - деді Мемлекетбасшысы.

Осы орайда ҚР Президенті балалармен жасөспірімдер арасындағы суицид жағдайлары – бәріміз үшін қасіретекендігіне баса назар аудартты.

«Балалар неге ондайқадамға барады» деген сұрақ бойынша бәріміз ойлануымыз керек. Өмірлік нақтынұсқамаларды қалыптастыру – айналып келгенде тәрбие беру процесі сапасыныңтүпкі талабы болуы тиіс», - деді Президент.

Айта кетерлігі, жиынғақатысқан ҚРБала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саин елімізде балаларға жасалған кезкелген зорлық-зомбылыққа қатысты жазаны күшейтіп қана қоймай, мұндай істергекелгенде тараптарға татуласу мүмкіндігін бермеу керектігін айтқан еді.

«Өйткені,мұндай істерге келгенде отбасыларға қоқан-лоқы көрсету немесе ақша беріп құтылужағдайларымен бетпе-бет келіп отырмыз. Ақыры, зардап шексе де жәбірленуші тарапарызын қайтарып алады. Осылайша, балалардың құқығы қорғалмайды. Әлбетте,балаларға жасалған зорлы-зомбылық қылмысына кедергі келтіргендергежауапкершілік жүктелуі керек. Әйтпесе, бұл процесті тоқтата алмаймыз. Егернақты түйінді мәселелерді шешімін таба алар болсақ, онда нақты нәтижеге қолжеткізе алар едік», - деді ол.

Мемлекетбасшысы орта білімді дамытудың одан ары стратегиясын айқындау қажеттігіне деерекше назар аударып, 12 жылдық білім беруге көшу жұмыстарын оңтайлы жүргізуді Үкіметке тапсырды.

«Үкіметке осы ретте жаңа12 жылдық модельге ойластырылған әрі орнықты ауысымды қамтамасыз етудітапсырамын. Бұл жерде 2025 жылға дейінгі білім мен ғылымды дамытудың жаңамемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында «ойластырылған әрі орнықты» ауысымдеген сөзді ерекше атап отырмын», - деді Қазақстан Президенті.

Президент көтергентөртінші мәселе апатты және шағын жинақты мектептерге қатысты болды.

Мемлекетбасшысының дерегінше, бүгінде еліміздің аумағындағы жалпы білім беретін 7 014мектептің 128-і үш ауысыммен жұмыс істесе, 31 мектеп апаттық жағдайда тұр. 2019-2020 жылдар аралығында үш ауысымды оқытуды жойып, апаттықмектептерді алмастыру үшін республикалық бюджет есебінен 35 мектеп салынады.

«Біз демографиялықтенденцияларды ескере отырып, мектептер салу және жаңғырту ісін әрі қарай дажалғастырамыз», - деді Қасым-Жомарт Кемелұлы.

«Бесінші мәселе.Үштілді білім беру жүйесін енгізу – күн тәртібіндегі өзекті тақырып. Еңалдымен, бұл мәселені жан-жақты талдап, салмақты шешімге келу қажет. Бұл – өтемаңызды. «Әр халықтың ана тілі – білімнің кілті» – дейді академик АхметЖұбанов. Бұл сөз біз үшін негізгі ұстанымға айналуы тиіс. Үштілді жүйеге көшуоқытушылар мен білім беру бағдарламаларының дайындығына қарай жүзеге асады.

Бұлретте, ғылыми-жаратылыстану пәндерін ағылшын тілінде оқыту білім орталықтарыныңкадрлық мүмкіндігіне қарай, оқушылар мен ата-аналардың қалауы бойынша іске асуытиіс», - деді Мемлекет басшысы.

ҚРПрезидентінің пайымынша, ағылшын тілін оқытуды
2-3-ші сыныптан немесе ата-аналардың қалауына қарай 5-ші сыныптан бастау орындыәрі тиімді болмақ. Ал, жоғары сыныптарда жаратылыстану-техникалық пәндердімектептердің дайындығына қарап жүргізу қажет.

Келесікөтерілген мәселе педагогтардың мәртебесін шынайы көтеру төңірегінде өрбіді. Осы орайда 2020 жылдың 1 қаңтарына дейін «Мұғаліммәртебесі туралы» заң қабылданатындығын айта кеткен орынды.

«Педагогтардың мәртебесіншынайы көтеруді қамтамсыз ету маңызды. Қазір айтып жатқанымыздың барлығымұғалімдерге байланысты. Бәсекеге қабілеттілікті көтеру үшін педагогтардыңжоғары мәртебесіне сөз жүзінде қол жеткізуіміз керек. Педагог мәртебесі туралызаң жобасында қолдаудың кешенді шаралары қарастырылған. Бұл ұстаз жүктемесінқысқарту, ар-абыройының сақталуына кепіл беру, материалдық ынталандыру... Соныңішінде сынып жетекшілігі мен дәптер тексергені үшін екі есе ақы төлеу, барлықпедагогтардың еңбек демалысын 56 күнге дейін көбейту, магистрлік деңгей үшін қосымшатөлем және өзге де ынталандыру шаралары бар», - деді Мемлекет басшысы.

ҚРПрезидентінің айтуынша, мұғалімдердің еңбекақысы базалық лауазымдық жалақыарқылы есептеледі. https://kaz.inform.kz/news/kasym-zhomart-tokaev-mugalim-zhalakysy-2-ese-osedi_a3557021 Сол себепті елдегі 500 мың педагогайлығының елеулі мөлшерде өскенін сезіне алмай отыр. Сондықтан Үкіметке білімжүйесіне білікті мамандар тарту мақсатында және педагогтардың мәртебесін көтеруүшін мұғалімдердің еңбекақысын 4 жылдың ішінде 2 есеге арттыру тапсырылды.

Қ.Тоқаевбілім беру ісіндегітеңсіздікті жою мәселесіне де баса назар аударып, ауыл мен қала балаларыныңарасында білім беру деңгейі бойынша айырмашылық болмауы керектігін айрықшаатады.

«Білім беру стандарттарыбірыңғай болуы тиіс. Бұл білім беру бағдарламасына да қатысты. Барлық балалартұрғылықты орнына, ата-анасының әлеуметтік мәртебесіне қарамай, сапалы білімгеқол жеткізе алуы керек. Білім және ғылым министрлігіне табысы төмен отбасылармен күрделі әлеуметтік жағдайда жұмыс істеп жатқан мектептердің балаларыныңакадемиялық артта қалуын жоятын арнайы бағдарламаларды дайындап іске қосудытапсырамын. Облыс әкімдері бұл тапсырмамен түбегейлі айналысуы керек. Жер-жердебалаларымызға барлық жағдай жасау – олардың тікелей жауапкершілігі», - дедіПрезидент.

ҚазақстанПрезиденті көтерген соңғы мәселе ғылымды қаржыландыру ашықтығын қамтамасыз ету төңірегіндеболды.

«Ғылымиортада қаржыландыру жүйесіне сенімсіздік, сонымен қатар егде және жас ғалымдарарасында белгілі бір жіктелу байқалады. Сондықтан Үкіметке нақты тәжірибелікұсыныстармен ғылымды мұнан ары институттық дамыту тұжырымдасын әзірлеудітапсырамын», - деді Қ.Тоқаев.

Мемлекетбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тамыз конференциясының жалпы отырысын қорытындылайкеле отандық білімді дамытудағы еңбегі жәнеқоғамдық белсенді қызметі үшін бірқатар педагогке мемлекеттік наградалартабыстады. Осыдан кейін жиын тізгінін қолға алған Білім және ғылым министрі АсхатАймағамбетов білім саласындағы бірқатар мәселе төңірегінде сөз қозғады.Мәселен, ол еліміздің мектептерінде өтетін ақылыолимпиадалар мен байқауларға қарсы екендігін ашық айтты.

«Ақылыбайқаулар көбейіп кетті. Ата-аналар кейде амалсыз балаларын қатыстыруға мәжбүрболады. Кейде ол байқаулардың пайдасы да жоқ. Кейбір интернет олимпиадалардақағазға басып, ақша төлеп, тапсырма алып үйіне қайтқан бала бүкіл отбасы болып,тапсырманы шешіп, ақыры қандай да бір орын алады. Бұл қаншалықты пайдалы,қаншалықты дұрыс? Сондықтан, олимпиадалар бойынша Білім және ғылымминистрлігінің ұстанымы бар – мектептерде қазіргідей көп әрі форматта ақылыолимпиадалар болмауы керек. Олимпиадалар мен байқаулар бізде болады. Оларкерек! Бірақ, бұл ретте министрлік тарапынан нақты регламент болады», - дедіБілім және ғылым министрі.

Соныменқатар министр 2021 жылы «Әліппе» АхметБайтұрсыновтың әдістемесі негізінде қайта енгізілетінін , ал биыл «Жеңіл портфель»жобасы жүзеге асырылатындығын айтты.

«Оқушы мәселен, талап-тілегі болса қағаз оқулықтарынсыныпқа, мектепте тастап кетіп, үйінде электронды оқулықпен дайындала алады. Еңбастысы, министрлік оқулықтардың электронды нұсқаларын пайдалануға құқықбереді. Ары қарай ата-аналары өздері шешеді. Сол секілді жұмыс дәптері барлықсыныптарға міндетті болмауы тиіс. Педагогтар ата-аналарды жұмыс дәптерін сатып алуғаміндеттемеуі керек», - деді ол.

Асхат Аймағамбетов айрықшатоқталған тағы бір мәселе Ұлттық бірыңғай тестілеу процедурасынтрансформациялауға қатысты болды.

«БізҰлттық бірыңғай тест тапсыруды біртіндеп электронды жүйеге көшіруді жоспарлапотырмыз. Мұндай ойымыз бар. Бізге ҰБТ гранттарды бөлудің ашықтығы менәділдігіне кепіл беруі қажет», - деді министр.

Соңғы жаңалықтар