Мүгедектігі бар адамдардың көбі дауыс беруге барды – Қазақстанның Еңбек Ері

Фото: Фото: Kazinform/Алтынай Сағындықова

АҚТӨБЕ. KAZINFORM – Ақтөбе қаласындағы №564 референдум учаскесінде Қазақстанның Еңбек Ері Құралай Байменова өз таңдауын жасады. Бүгін мүгедектігі бар адамдар үшін 30-дан астам инватакси жұмыс істеді. 

Ақтөбе облысындағы референдум учаскелерінде дауыс беру жалғасып жатыр. Қала мен аудан, ауылдарда таңдау жасайтын адамдар үшін қолайлы жағдай жасалған. Қазақстанның Еңбек Ері үйде отырып емес, референдум учаскесіне баруды жөн көрді. Мұнда жылдымалы пандус мүдірмей жұмыс істеп тұр.

- Қазақстанда Референдум өтетінін халық көптен біледі. Осы тақырып талай талқыға түсті. Бұл – саяси маңызды тақырып. Өзім шешім қабылдар шақта қалыс қалмау керек деп ойладым. Бұған дейін де барлық дауыс беру науқанына қатыстым, осы жолы да таңдау жасадым. Еліміздегі кез келген жағдайға біз де, осы елдің халқы жауап береді. Сондықтан осы маңызды шешім қабылдар тұста шет қалмаймын. Таңдау жасадым. Бүгін мүгедектігі бар адамдардың көбі дауыс беруге барды. Олар үшін 30-дан астам инватакси қызмет көрсетеді. Кейбірі үйден дауыс беруге өтініш жазды. Өзім Рауан тұрғын алабында тұрамын. Референдум учаскесіне кіруде еш қиындық көрмедім. Есік алдында жылжымалы пандус жұмыс істеп тұр. Табалдырықта кедергі жоқ. Көзі нашар көретіндер үшін бар жағдай жасалған, - деді Қазақстанның Еңбек Ері Құралай Байменова.

Айта кетейік, бүгін таңертең мәдениет саласының қайраткерлері ерлі-зайыпты Бақытжановтар дауыс берді.

Таңда тұрып, ерте таңдау жасағандарға сыйлық берілді