АСТАНА. KAZINFORM – Мьянмадағы Мандалай қаласынан солтүстікке қарай 60 шақырым жерде магнитудасы 5,2 дәрежелі жер сілкінісі болды. Бұл туралы Тайландтың метеорологиялық департаменті хабарлады, деп жазады Report.
Жер сілкінісі жергілікті уақытпен сағат 14:58-де тіркелген, ошағы 10 шақырым тереңдікте орналасқан.
Айта кетейік, 28 наурызда Мьянмада магнитудасы 7,7 болатын күшті жер сілкінісі болды. Жер асты дүмпулері көршілес бес елде де сезілді. Соңғы мәліметтер бойынша, қаза тапқандар саны 3 600 адам, жараланғандар саны 5 000-нан асты.
Айта кетейік, бұған дейін Мьянмадағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 3,5 мыңнан асқанын хабарладық.
40 градус ыстық күн райы құтқару жұмыстарын қиындатып жатыр.
Жарасқан Нұрыбаев
Нұрыбаев Жарасқан Бекназарұлы
1990 жылдың 12 қаңтарында Өзбекстан Республикасында туған.
"Низами" атындағы Ташкент Мемлекеттік Педагогика Университетінің түлегі.
Газет және телеарналарда тілші әрі тележүргізуші қызметін атқарған.
Бірнеше Халықаралық ақындар мүшәйрасының жүлдегері.
Қазіргі таңда ҚР Президентінің Телерадиокешенінде "Қазақпарат" ХАА шығарушы редакторы