Көптеген афтер дүмпулерге қарамастан, құтқару жұмыстары түні бойы жалғасты. 28 наурыз, жұма күні Мьянмада магнитудасы 7,7 және 6,4 балдық жер сілкінісі болғанын бұған дейін АҚШ Геологиялық қызметі хабарлаған еді.
Жерасты дүмпулері Қытай мен Таиландта сезіліп, Бангкокта салынып жатқан зәулім ғимарат қирады. Мьянма билігі халықаралық қауымдастықты жер сілкінісінің салдарын жоюға көмектесуге шақырды. Қытай мен Ресей Мьянмаға құтқарушылар мен дәрігерлерді жіберіп үлгерді.
Еске сала кетейік, кеше Мьянмада 7,9 балдық жер сілкінісі тіркеліп, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мьянма Премьер-министрі Мин Аун Хлайнға көңіл айту жеделхатын жолдаған болатын.