АСТАНА. ҚазАқпарат - Әзербайжан астанасы Бакуде өтіп жатқан спорттық гимнастикадан әлем кубогы кезеңінде қазақстандық Нариман Құрбанов жеңімпаз атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазақстандық гимнаст сайыс барысында 15,300 ұпай жинап, жеңіс тұғырына көтерілді.
Ол ел құрамасы қоржынына екінші алтын медаль салды. Бұған дейін еркін бағдарламада Милад Карими үздік атанған еді.
Еске салсақ, Нариман Құрбанов Катар астанасы Дохада өткен спорттық гимнастикадан әлем кубогі кезеңінде екінші орын алған еді.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.