Ереженің жаңа редакциясында бір оқушыға бюджеттен бөлінетін гранттың мөлшері өзгертілген.
Сонымен гранты құнын мынандай мөлшерде белгіленіп отыр:
— жатақханада тұру құнын есептемегендегі жылдық оқу құны — 2 190 080 теңге;
— жатақханада тұру құнын есептегендегі жылдық оқу құны — 3 053 940 теңге.
Бұған дейін грант құны сәйкесінше 2 349 191 теңге және 3 247 305 теңге болған еді.
Былтыр күзде Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Назарбаев Зияткерлік мектептеріне бөлінетін қаражат азайғанын мәлімдеген еді.