Нидерланд билігі Канар аралдарына лайнер келгеннен кейін елге оралатын он азаматтың денсаулығына алаңдап отыр. Алайда билік әзірге азаматтардың оқшаулау режимін сақтауын қалай бақылайтынын нақты шешпеген.
Бұған дейін Нидерланд билігі 6 және 7 мамыр күндері екі эвакуациялық рейспен корольдікке жеткізілген Hondius кемесіндегі үш адамның ауруханаға жатқызылғанын хабарлаған еді. Олар елдің әртүрлі медициналық мекемелеріне, соның ішінде Неймеген және Лейден қалаларындағы ауруханаларға орналастырылды.
MV Hondius кемесі Канар аралдарына 10 мамырда жетеді деп күтіліп отыр. Бұған дейін кеме бортындағы сегіз адамнан хантавирус анықталған.
Жолаушылардың үшеуі, соның ішінде Нидерландыдан келген ерлі-зайыпты көз жұмды. Тағы бір науқас Йоханнесбург қаласындағы ауруханада ауыр жағдайда жатыр.
Инфекцияның әрі қарай таралуын болдырмау үшін жолаушыларға каюталарынан шықпау тапсырылған. Алайда хантавирустың инкубациялық кезеңі бірнеше аптаға созылуы мүмкін болғандықтан, жаңа жағдайларды жедел анықтау қиындап отыр.
Еске сала кетсек, бұған дейін Кабо-Верде билігі «Hondius» лайнерінен науқастарды эвакуациялауды қолға алғанын хабарладық.
Ал 6 мамыр күні хантавирус анықталған лайнердегі жолаушылар саяхатты жалғастыратыны белгілі болды.