Норвегия Королі V Харальдтің қайтыс болуына орай көңіл айту жеделхаты

АСТАНА. KAZINFORM — Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Норвегия Королі VIII Хоконға әкесі Король V Харальдтің дүниеден өтуіне орай көңіл айту жеделхатын жолдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Фото: Ақорда

– Король V Харальд Норвегияның бірлігі мен рухын, жарқын жетістіктерін паш еткен көрнекті мемлекет қайраткері болды. Ұлы Мәртебелі ұзақ жылдар бойы абыройлы билік құрып, дана әрі адал басшы ретінде еліне қалтқысыз қызмет етті. Халқына ұдайы қамқор болып, қалың бұқараның құрметі мен ықыласына бөленді, – делінген жеделхатта.

Айта кетелік Норвегия королі V Харальд 89 жасында қайтыс болғаны туралы жазған едік. Сонымен қатар Норвегияның жаңа королі – VIII Хокон король болды.