— Нұрайды өлтіру ісіндегі тергеу маусым айында аяқталады, — деді министрдің орынбасары.
Еске салсақ бұған дейін ІІМ Нұрай Серікбайдың өліміне қатысы болуы мүмкін адамдарды тексеріп жатқанын жазған едік. Сонымен қатар күдіктінің психикалық ауытқуы расталмаған еді. Марқұм Нұрай Серікбайдың өліміне күдікті ретінде 28 жастағы Шымкент қаласының тұрғыны ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Полиция Шымкентте қаза тапқан студент қыздың отбасы жариялаған деректерге жауап берген еді.