TMZ басылымының мәліметінше, аталған аккаунттағы соңғы жарияланым 2017 жылы жарияланған. Содан бері жаңартылмаған парақша белгісіз тұлғалардың қолына өтіп, онда бірнеше жазба жарияланған көрінеді.
Хабарламада жарияланған жазбалардың бірінде Ақ үйдің шииттердің бақылауында екені туралы мәлімдемелер болғаны айтылған. Сонымен қатар аккаунтты бұзғандар Instagram Stories бөлімінде де түрлі материалдар жариялаған.
Жарияланған суреттердің бірінде 2020 жылғы 3 қаңтарда Бағдад маңында америкалық ұшқышсыз аппараттың соққысынан қаза тапқан ирандық генерал, Касем Сүлейманинің фотосы қолданылған.
Instagram әлеуметтік желісінің иесі Meta өкілі аккаунттың бұзылғанын растады. Компания өкілдерінің айтуынша, аккаунт қайта қорғалып, рұқсатсыз жарияланған барлық контент өшірілген.
Қазіргі уақытта аккаунтты кімнің бұзғаны белгісіз.
Бұдан бұрын АҚШ президенті Дональд Трамп бұрынғы президент Барак Обаманы 2016 жылғы президенттік сайлауда алаяқтық жасады деп айыптады.
Өз кезегінде Обама Трамптың мемлекетке опасыздық жасады деген мәлімдемесін жоққа шығарды.
Трамп Ақ үйден Обама мен Буштардың портреттерін көзден таса жерге ауыстырғаны белгілі болды.