ОРАЛ. KAZINFORM – Орал қаласында қос қабатты ғимаратта орналасқан дәмхана өртенді.
Фото: БҚО ТЖД
БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, оқиға 30 қазан күні сағат 09.45-те М.Шолохов көшесі бойындағы 5Б-мекенжайында болды.
Фото: БҚО ТЖД
Өрт сөндірушілер (үш бөлімше) келіп жеткенде, ғимаратты қатты түтін алып кеткен. Сол себепті өрт екінші рангі бойынша жүргізіліп, облыстық штаб ұйымдастырылды.
«Өрт кафенің жертөлесінен шыққан. 2022 жылы салынған ғимараттың жалпы аумағы – 826 шаршы метр. «Тілсіз жауды» ауыздықтауға 47 адам, 12 техника жұмылдырылды. Өрт сағат 10.29-да оқшауланып, 11.22-де сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Қазіргі кезде өрттің шығу себебі, келтірілген шығын анықталып жатыр», деп хабарлады ведомстводан.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстанда аумағы 300 шаршы метр қойма жанып кеткенін жазған болатынбыз.
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).