ОРАЛ. ҚазАқпарат – Орал қаласында алғашқы қар жауды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қарашаның 1-іне қараған түні жауған қар толастар емес.
Қазіргі кезде көшелер, ағаш-теректер, автокөліктер кәдімгідей қар жамылған. Температура тілі 0 градусты көрсетіп тұрғандықтан, қар еріп те жатыр.
Кеше қалада жаңбыр жауса, бүгін қар алмастырды.
Синоптиктердің болжамына қарағанда, алдағы күндері де осындай ауа райы орын алмақ.
Жалпы, биыл өңірде күз жауын-шашынды болып тұр.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Орадда төрт қабатты тұрғын үй бой көтергенін жазған болатынбыз.
Сондай-ақ Орал қаласында 29 аула абаттандырылды.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).