ОРАЛ. ҚазАқпарат – Оралда ер адам мас күйінде 6 жасар қызды алып кетпек болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен алынған мәліметке қарағанда, оқиға 2 тамыз күні Зачаган кентінде болды.
Сағат шамамен 21.30-да Зачаган полиция бөліміне белгісіз ер адамның Мұрат Мөңкеұлы көшесіндегі тұрғын үйдің ауласынан 6 жасар қызды алып кетпек болғаны жөнінде хабар түскен.
Оның бұл әрекеті видеоға түсіп қалған.
Қазіргі кезде қыздың анасының арызы Зачаган полиция бөлімінде тіркелді. Ер адам ұсталды.
Оқиғаның мән-жайы анықталу үстінде. Кейін процессуалдық шешім қабылданатын болады.
Күдікті орта дәрежелі мас күйінде болған.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО тұрғынының бас үйітемін деп күйіп қалғанын жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).