Оралда карьер суының жасыл түске боялуы тұрғындарды алаңдатты

ОРАЛ. KAZINFORM — Орал қаласына қарасты Желаев ауылы маңында орналасқан карьердің суы жасыл түске боялғаны жөнінде әлеуметтік желіде бейнежазба жарияланды.

Фото: Видеодан скрин

Осыған байланысты тұрғындар пікірін жазып, алаңдаушылығын білдірді. Олардың кейбірі сол маңда моншаның көптігін, солардың кәріз суын карьерге ағызуы мүмкін екендігін айтты. Сонымен қатар бос қалған саяжайларда қазір адамдар мал ұстайды. Оған қоса құрылыс қалдықтары тасталады. 

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да рұқсат етілмеген 110-нан астам қоқыс үйіндісі тіркелгенін жазған едік. 

Сондай-ақ БҚО-да Жайық өзеніндегі судың түсі неге өзгергені жөнінде экология департаменті жауап берді.

Оралда стихиялық қоқыс алаңында мұнай компаниясының құжаттары шашылып жатқаны белгілі болды.