Оралда орталық алаңдағы субұрқақ неліктен жұмыс істемей тұр

ОРАЛ. KAZINFORM — Орал қаласында Тұңғыш Президент алаңында орналасқан субұрқақтың жай-күйі сын көтермейтіні туралы әлеуметтік желіде ақпарат жарияланды.

Фото: видеодан алынған скрин

Қала тұрғынының Instagram әлеуметтік желісінде мәлім еткеніндей, баспалдақтар сынып жатыр. Субұрқақ бұрын болған, қазір жұмыс істемей тұр.

— Жаңбырдан кейін субұрқаққа су жиналған. Су жоқ кезде де көргенмін, қаншама қоқыс жатыр, масқара жағдай. Қаланың жаңа ауданындағы орталық алаңның мұндай күйге түсуіне кім жауап береді? — дейді тұрғын.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда Тұңғыш Президент алаңының жері жалға берілді ме, сол жөнінде әкімдік жауап бергенін жазған едік

Сондай-ақ Орал тұрғындары полигон түтінінен тыныс алу қиындағанын айтып шағымданды