ОРАЛ. KAZINFORM – Орал қаласында өзенге батып кеткен автокөліктен екі ер адамның денесі табылды.
БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, оқиға 2 ақпан күні сағат 18.00-ге таман «Самал» шағынауданы маңында болды.
– Өзенге батып кеткен көлік құралынан табылған екі ер адамның денесінде зорлық-зомбылық белгілері болмаған. Мүрделер сараптамаға жіберілді. Қазіргі кезде оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр, - деп хабарлады ведомстводан.
БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметі құтқарушылардың көлік пен адам денесін судан шығаруға көмектескенін жеткізді.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда басына кірпіш құлаған ер адамның көз жұмғанын жазған едік.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).