ОРАЛ. ҚазАқпарат – Орал қаласында жоғалып кеткен жасөспірім аман-есен табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, жасөспірімнің анасы Заря Қиясова ұлының аман-есен табылғанын хабарлап, бәрі жақсы екендігін жеткізді.
ҚазАқпарат бұдан бұрын жазғандай, 2005 жылғы Бибол Әміржанов 15 мамыр күні түсте үйінен шығып кетіп, содан бері оралмаған еді.
Бүгін 18-ге толған ол қызымен жүрген болып шықты.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда автобуста кондукторларға қол жұмсаған бұзақылар ұсталғанын жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).