АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін футболдан Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінде шымкенттік «Ордабасы» жетінші ойын қатарынан жеңіске жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бүгін 14-турда шымкенттік клуб өз алаңында Павлодар облысының «Ақсу» командасымен кездесті.
Ойын барысында команда қатарынан Темірлан Ерланов - 45, Владислав Садовский 58-минутта мергендік танытты.
Осылайша «Ордабасы» қатарынан жетінші мәрте жеңіске жетті. Турнир кестесінде екінші орынға жайғасты.
Сондай-ақ, аталған турдағы тағы бір кездесуде «Тобыл» (Қостанай) «Атырауды» 1:0 есебімен жеңді.
Аталған турда «Мақтаарал» «Ақтөбеден» - 1:2, «Жетісу» «Шахтерден» - 1:3, «Қайсар» «Оқжетпестен» - 0:1 есебімен жеңілді.
Оған қоса 13-турдың кейінге қалдырылған ойынында «Астана» «Каспийді», «Қызылжар» «Қайратты» 2:1 есебімен тізе бүктірді.
Енді 15-тур ойындары 15 және 16 шілде күндері өтеді.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.