«Астана» сырт алаңда «Каспийді» жеңді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін футболдан Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінде елордалық «Астана» кезекті жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Астана» сырт алаңда «Каспийді» жеңді
fcastana.kz

Елордалық команда 13-турдың кейінге қалдырылған ойынында Ақтауда жергілікті «Каспиймен» шеберлік байқасты.

Кездесу барысында «Астана» сапынан Абат Айымбетов 31-минутта есеп ашса, ақтаулық команда Дмитрий Подстрелов 66-минутта таразы басын теңестірді.

Ал 77-минутта Дембо Дарбо пенальтиден қайтадан «Астананы» алға шығарды.

Осылайша елордалық клуб қарсыласынан 2:1 есебімен басым түсті.

Ал қазірге дейін аталған турда петропавлдық «Қызылжар» алматылық «Қайратты» 2:1 есебімен тізе бүктірді.

Сондай-ақ, дәл қазір 14-турда «Тобыл» (Қостанай) мен «Атырау» кездесуі өтіп жатыр. Әзірге есеп - 0:0.

Енді 20.00-де «Ордабасы» (Шымкент) мен «Ақсу» (Павлодар облысы) кездесуі басталды

Еске салсақ, 1 шілдеде 14-турда өз алаңында «Мақтарал» «Ақтөбеден» - 1:2, «Жетісу» «Шахтерден» - 1:3, «Қайсар» «Оқжетпестен» - 0:1 есебімен жеңілді.