Соттың алдын ала бұйрығына сәйкес, АҚШ Мемлекеттік департаменті ресми сайтында 2027 қаржы жылына арналған Diversity Visa бағдарламасына тіркелу мерзімін 2026 жылдың 15 қазаны күні шығыс уақыты бойынша түн ортасына дейін жариялауы тиіс.
Хабарландыруда өтініштерді қабылдаудың басталу және аяқталу күндері, онлайн өтініш тапсыруға арналған ресми сайт және оның талаптары көрсетілуі тиіс.
Сонымен қатар, ведомство тіркеуді 2026 жылғы 18 қазан күні шығыс уақыты бойынша түн ортасына дейін ашуы тиіс. Өтініштер 30 күн ішінде қабылданады.
АҚШ округтік судьясы Джинсук Охта шығарған шешім 55 000 адамға Америка Құрама Штаттарында тұрақты тұруға өтініш беру мүмкіндігін береді.
Diversity Visa бағдарламасына қарсылық білдірген Трамп әкімшілігі 2027 қаржы жылына арналған грин-карта лотереясына тіркеуді ашпай келген болатын. Кейінірек үкімет сотта тіркеудің кеш басталуы бағдарламаның уақытын реттейтін ережелерді бұзады деп мәлімдеген.
Сол кезде сотқа АҚШ Мемлекеттік департаментінің әрекетсіздігіне шағымданып Калифорниядағы Red Eagle Law иммиграциялық заң фирмасы жүгінген болатын.
Еске сала кетейік, Microsoft компаниясы жасыл карта бағдарламасынан шығарылды.
АҚШ-та грин-картаға өтініш беру тәртібі өзгереді.