«Өзбекстан — 2030» жаңартылған стратегиясына сай, алдағы 4 жылда ресми Ташкент туризмнен түсетін пайданың ішкі жалпы өнімдегі үлесін қазіргі 3,5%-дан 7%-ға дейін ұлғайтуға мүдделі.
Сонымен қатар, ел үкіметінің алдына туристік қызмет экспортының жылдық көлемін 6 млрд долларға жеткізу міндеті қойлып отыр.
Еске салайық, былтыр көршілес елге 11,7 млн шетелдік турист келген. Оның ішінде Қырғызстан (3,3 млн адам), Тәжікстан (2,7 млн адам) және Қазақстан (2,7 млн адам) азаматтарының үлесі басым.
Қоса кетсек, наурыз айынан бастап Ташкенттен Атырауға тікелей әуе рейсі ашылады.
Сондай-ақ, Өзбекстан билігі 2030 жылға қарай өзара визасыз саяхаттай алатын мемлекеттердің санын 50-ге дейін ұлғайтуды жоспарлап отыр.