Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев Қазақстанға жұмыс сапарымен келді
АСТАНА. KAZINFORM — Шавкат Мирзиёев бейресми кездесу өткізу үшін Қазақстанға жұмыс сапарымен келді. Бұл туралы Ақорда мәлім етті.
Фото: Ақорда
— Мәртебелі мейманды Алматы әуежайында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қарсы алды. Бүгін мемлекеттер басшылары бейресми кездесу өткізіп, қаладағы бірқатар нысанды аралап көреді, — делінген хабарламада.
Фото: Ақорда
Еске сала кетейік, бұған дейін Мемлекет басшысы Мьянма Премьер-министрі Мин Аун Хлайнға көңіл айту жеделхатын жолдағанын жазған болатынбыз.
Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің түлегі. Л.Н. Гумелев атындағы Еуразия Ұлттық Университетінің магистрі. "Ақпарат саласының үздігі" салалық төсбелгі иегері (2018 ж.)