Заң жобасын таныстырған Өзбекстан Ғылым академиясы президентінің орынбасары Бахром Абдухалимовтің айтуынша, әліпби түбегейлі өзгермейді. Мәселе қолданыстағы нұсқадағы төрт таңба — «o‘», «g‘», «ch» және «sh» төңірегінде болып отыр.
Түзетулерге сәйкес, енді өзбек әліпбиінде 26 әріп емес, 28 әріп болады және 1 дәйекше қосылады. Ұсынылған нұсқада қазіргі уақытта екі таңба арқылы жазылып жүрген әріптер бір таңбамен алмастырылады. Атап айтқанда, «Sh» — «Ş», «Ch» — «Ç», «Oʻ» — «Ö», ал «Gʻ» орнына «Ğ» қолданылмақ. Әліпбидегі қалған әріптер өзгеріссіз қалады.
Депутаттар заң жобасын үшінші оқылымда қабылдап, оны Сенаттың қарауына жолдады.
Қоса кетсек, таяуда Өзбекстанда кітап оқу мәдениетін дамытуға арналған ауқымды бағдарлама бастау алды.
Сонымен қатар Өзбекстанда көп кітап оқыған шенеуніктерге ақшалай сыйақы берілмек.
Мұнымен бірге Өзбекстанда кітап оқыған сотталғандардың жаза мерзімі қысқарады.