ТАШКЕНТ. KAZINFORM – Өзбекстанның Министрлер Кабинеті жаңа сайланған Олий Мажлис алдында өз өкілеттігін тоқтатты, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі.
Өзбекстан премьер-министрінің баспасөз хатшысы Бекзод Хидоятов мәлім еткендей, үкіметтің жаңа құрамы бекітілгенге дейін қазіргі Министрлер Кабинетінің мүшелері жұмысын жалғастыра береді.
Айта кетейік, Олий Мажлис депутаттары сайланғаннан кейін премьер-министр мен министрлер жаңа сайланған парламент алдында өз өкілеттігін тоқтатады. Тиісінше бұл қалыпты процедура жаңа депутаттардың көмегімен үкімет құрамын жасақтауға бағытталған.
Еске салсақ, бұған дейін Келер жылы Өзбекстан үкіметі халықты әлеуметтік қорғауға 39 млн доллар бағыттайтыны хабарланды.
Әлихан Асқар
2018 жылы А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Әр жылдары облыстық Qostanai, республикалық Astana TV, «Жетінші арна» телеарналарындағы бағдарлама және жаңалықтар бөлімінде қызмет етті. «ҚР Президенті телерадиокешенінде» 2022 жылдың мамырынан бастап еңбек етеді. 2023 жылдан бері Kazinform агенттігінің Өзбекстандағы меншікті тілшісі.