ТАШКЕНТ. KAZINFORM – Биыл алғашқы үш айда Өзбекстанда 42,3 мың жұп отбасын құрды, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда тіркелген некелер саны 1,5 мыңға аз, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің Ташкенттегі меншікті тілшісі.
Сонымен бірге елде ажырасу көбейді. Атап айтқанда, 2026 жылдың бірінші тоқсанында 12,7 мың отбасының шаңырағы шайқалды. Былтырмен салыстырғанда биыл ажырасу деректері 1,2 мыңға көп.
Ұлттық статистика комитетінің мәліметінше, 42,3 мың некенің 20,2 мыңы (47,7%) қалаларда, ал 22,1 мыңы (52,3%) ауылдық жерлерде тіркелген.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, Өзбекстанда отасқанына бір жыл толмаған ерлі-зайыптылардың ажырасуына шектеу енгізілмек.
Еске салайық, былтыр Өзбекстанда туу көрсеткіші төмендеді. Сондай-ақ, 2025 жылы Өзбекстанда жеңгетайлықпен айналысқан 2 мыңнан астам адам жазаланды.
Әлихан Асқар
2018 жылы А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Әр жылдары облыстық Qostanai, республикалық Astana TV, «Жетінші арна» телеарналарындағы бағдарлама және жаңалықтар бөлімінде қызмет етті. «ҚР Президенті телерадиокешенінде» 2022 жылдың мамырынан бастап еңбек етеді. 2023 жылдан бері Kazinform агенттігінің Өзбекстандағы меншікті тілшісі.