Бірінші болып Жапония мен Оңтүстік Кореядағы елшіліктер жанынан құрылған сайлау учаскелері ашылды. Жалпы учаскелер саны - 10 717, оның 56-сы 39 шет мемлекетте. Дауыс беру 20:00-ге дейін жалғасады.
Айта кетсек, биыл парламент сайлауы тұңғыш рет пропорционалды-мажоритарлық жүйемен өтеді. Партияларға сайлауалды үгіт-насихатты 26 шілдеден бастап жүргізуге рұқсат етілді.
16-23 қазан аралығында мерзімінен бұрын дауыс беру ұйымдастырылды, онда сайлаушылар тізіміне енгізілген 19,9 млн өзбекстандықтың 1 миллионнан астамы өз таңдауын жасады.
Еске салсақ, парламент сайлауына 5 партия қатысып жатыр: Өзбекстанның либералдық-демократиялық партиясы, Өзбекстанның экологиялық партиясы, Халықтық-демократиялық партия, «Милли тикланиш» демократиялық партиясы және «Адолат» социал-демократиялық партиясы.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, Өзбекстандағы парламент сайлауында кейбір учаскелерге электрондық дауыс беру жүйесі енгізілді.