Жиында мәлім болғандай, 2025 жылдың қорытындысы бойынша компанияның қарыз жүктемесі төмендеген. Бұған тиімді шарттармен қайта қаржыландыру және тартылған жоғары пайызды несиелерді мерзімінен бұрын өтеу ықпал етті. Соның нәтижесінде компания пайыздық төлемдер бойынша 219 млрд сум ($18,2 млн) үнемдеп, жыл басымен салыстырғанда дебиторлық берешекті 1,2 трлн сумға ($99,8 млн) қысқартты.
Сонымен қатар былтыр алғашқы алты айды 14 кәсіпорын 36,5 млрд сум ($3 млн) шығынмен қорытындыласа, биыл керісінше компаниялар 5,4 млрд сум ($449 мың) пайда тапты.
Бұған қоса, жиында бірқатар мәселе көтерілді. Геосаяси жағдайға байланысты шикізат импорты шектелді. Оның салдарынан дизель мен мазут өндіру жоспарлары толық орындалмады. Енді компания межелі көрсеткішке жыл соңына дейін қол жеткізуді жоспарлап отыр.
Еске салайық, биыл Өзбекстанда қаңтар-мамыр аралығында табиғи газ, мұнай және көмір өндірісі төмендеді.
Сондай-ақ, жыл басынан бері Өзбекстан газ импортын 84% арттырды.