ТАШКЕНТ. KAZINFORM — Жыл басынан бері Өзбекстанда күн және жел электр станциялары өндірген электр қуатының көлемі 6 млрд кВт/сағатқа жетті, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі.
Энергетика министрлігінің мәліметінше, 3,8 млрд кВт/сағ — күн, ал 2,2 млрд кВт/сағ электр қуаты жел электр станцияларында өндірілген.
2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда, күн және жел электр станцияларында өндірілген электр энергиясының көлемі 24,3%-ға өсті. Осының нәтижесінде жыл басынан бері 1,6 млрд текше метр табиғи газ үнемделді.
Еске салайық, Қазақстан, Өзбекстан және Әзербайжан 2030 жылы Еуропаға «жасыл» энергия экспорттайды.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, биыл Өзбекстан су электр станцияларының өндіріс қуатын 15%-ға арттырады.
Әлихан Асқар
2018 жылы А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Әр жылдары облыстық Qostanai, республикалық Astana TV, «Жетінші арна» телеарналарындағы бағдарлама және жаңалықтар бөлімінде қызмет етті. «ҚР Президенті телерадиокешенінде» 2022 жылдың мамырынан бастап еңбек етеді. 2023 жылдан бері Kazinform агенттігінің Өзбекстандағы меншікті тілшісі.