Өзбекстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына қосылу процесі аяқталуға жақын

Фото: Фото: Өзбекстан президентінің баспасөз қызметі

ТАШКЕНТ. KAZINFORM — Өзбекстан Дүниежүзілік сауда ұйымына (ДСҰ) қосылу процесін толық аяқтауға ниетті, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі.

Бұл туралы кәсіпкерлермен кездесуде сөз алған ел президенті Шавкат Мирзиёев мәлім етті.

Бұған дейін ДСҰ-ға қосылу бойынша Өзбекстан АҚШ және Қытаймен арада өткен келіссөздерді қорытындылаған еді.

Фото: Өзбекстан президентінің баспасөз қызметі

— Өзбекстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына қосылу процесі аяқталуға жақын. Осыған байланысты ДСҰ ережелеріне қарама-қайшы келетін жеңілдіктер жойылады. Сонымен қатар, нарықта әділ бәсекелестік орнатып, барғаша тең мүмкіндік ұсыну үшін қажетті жағдай жасалады, — деп мәлім етті Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев.

Еске салайық, келер жылы Өзбекстан $43 млрд инвестицияны игеруді жоспарлап отыр.

Фото: Өзбекстан президентінің баспасөз қызметі

Бұған дейін Өзбекстан Сенаты елдің 2025 жылға арналған бюджетін мақұлдаған болатын. Оған сай, шоғырландырылған бюджет кірісі 431 трлн сум (шамамен $33,4 млрд), шығыстар 480,5 трлн сум ($37,3 млрд) шамасында жоспарланған.