Бұл туралы кәсіпкерлермен кездесуде сөз алған ел президенті Шавкат Мирзиёев мәлім етті.
Бұған дейін ДСҰ-ға қосылу бойынша Өзбекстан АҚШ және Қытаймен арада өткен келіссөздерді қорытындылаған еді.
— Өзбекстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына қосылу процесі аяқталуға жақын. Осыған байланысты ДСҰ ережелеріне қарама-қайшы келетін жеңілдіктер жойылады. Сонымен қатар, нарықта әділ бәсекелестік орнатып, барғаша тең мүмкіндік ұсыну үшін қажетті жағдай жасалады, — деп мәлім етті Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев.
Еске салайық, келер жылы Өзбекстан $43 млрд инвестицияны игеруді жоспарлап отыр.
Бұған дейін Өзбекстан Сенаты елдің 2025 жылға арналған бюджетін мақұлдаған болатын. Оған сай, шоғырландырылған бюджет кірісі 431 трлн сум (шамамен $33,4 млрд), шығыстар 480,5 трлн сум ($37,3 млрд) шамасында жоспарланған.