Қазақстан мен Пәкістан ұйымдар арасындағы өзара іс-қимылын, сондай-ақ екіжақты сауда-экономикалық, көлік-логистикалық және гуманитарлық ынтымақтастығын дамытуда. IT-индустрия және қаржы саласы да перспективалы бағыттар болып саналады.
Еске сала кетейік, бұған дейін Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин, Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев, Моңғолия Президенті Ухнаагийна Хурэлсуха және Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Антонио Гуттериштің ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Астанаға келгенін жазған болатынбыз. Сондай-ақ Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинді Ақордада қарсы алды.