Дипломаттардың арасында Қазақстан елшісі де болған. Абырой болғанда, олар дін аман. Алайда үш полиция қызметкері жарақат алып, біреуі қаза тапты.
Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияровтың айтуынша, делегация өкілдері Исламабадқа оралды. Олар Исламабад қаласының сауда-өнеркәсіп палатасы ұйымдастырған туризм жөніндегі конференцияға қатысу үшін Сват қаласына бағыт алған еді.
Еске салсақ, Иранның Табас қаласындағы көмір шахтасында метанның ағуы салдарынан күшті жарылыс болды.
Көп ұзамай Иранда кеніштегі жарылыстан көз жұмғандар саны 51 адамға жеткенін жазған болатынбыз.