Geo TV телеарнасының мәліметінше, құтқару операциясы шамамен бес сағатқа созылған. Қаза тапқан оқушылардың басым бөлігі 13 жасқа толмаған. Тағы 45 адам жарақат алды.
ARY News телеарнасының хабарлауынша, қайғылы оқиғаға ғимаратты салу кезінде жіберілген қателіктер себеп болған. Оқу орнының иесі ұсталды. Ол оқиғаның болғанын жаңбырлы ауа райымен байланыстырады.
Осыған дейін Пәкістанда көмір шахтасы опырылып түсіп, кеншілер көз жұмғаны туралы жаздық.