Оқиға Хайбер-Пахтунхва провинциясының Кохат ауданында болған. Белгісіз адамдар алтынды заңсыз өндіруге қарсы операцияға бара жатқан полицейлерге оқ атқан.
Жергілікті полиция өкілі Мұхаммад Науман Зебтің айтуынша, шабуылдаушылар 5 қызметтік көлікті де өртеп жіберген.
Соңғы айларда аймақта құқық қорғау органдары қызметкерлеріне жасалатын шабуылдар жиілегені атап өтілді.
Халықаралық ACLED мониторинг ұйымының мәліметінше, Пәкістанда террористік шабуылдар саны төрт есеге жуық артқан. Атап айтқанда, 2022 жылы 658 шабуыл тіркелсе, 2025 жылы олардың саны 2 425-ке жеткен.
Осыған дейін Испанияда жарылыс болып, полиция қызметкері қаза тапқан болатын. Тағы бір тәртіп сақшысы ауыр жарақат алды.