ИСЛАМАБАД. KAZINFORM – Пәкістанның солтүстік-батысындағы Хайбер-Пахтунхва провинциясында жұма күні болған шабуылда 4 адам, оның ішінде екі полиция қызметкері жараланған. Бұл туралы жергілікті полиция мәлімдеді, деп хабарлайды Синьхуа агенттігі.
Оқиға провинцияның орталығындағы Пешавар қаласында болған. Пешавар полициясының айтуынша, шабуылшылар жол жиегінде тұрған полиция көлігін жарып жіберген.
Шаубыл кезінде полицияның жедел әрекет ету тобы адамдар көп жүретін қала орталықтарында патрульдік қызметте болған. Зардап шеккендер, оның ішінде полиция көлігі жарылғанда қасында тұрған екі адам жақын маңдағы ауруханаға жеткізілген, олардың жағдайы қалыпты.
Әзірге ешбір топ шабуылды өз мойнына алған жоқ.
Айта кетейік, жуырда ғана Пәкістанда болған қақтығыста 4 әскери қызметкер қаза тапқан еді.
Жарасқан Нұрыбаев
Нұрыбаев Жарасқан Бекназарұлы
1990 жылдың 12 қаңтарында Өзбекстан Республикасында туған.
"Низами" атындағы Ташкент Мемлекеттік Педагогика Университетінің түлегі.
Газет және телеарналарда тілші әрі тележүргізуші қызметін атқарған.
Бірнеше Халықаралық ақындар мүшәйрасының жүлдегері.
Қазіргі таңда ҚР Президентінің Телерадиокешенінде "Қазақпарат" ХАА шығарушы редакторы