«Палау орталығы» дәмханасының қожайынын қамауға алу мерзімі ұзартылды

АСТАНА. KAZINFORM — Щучьеде газ баллоны жарылысынан 12 адам қаза тапқан «Палау орталығы» дәмханасының иесін қамауға алу мерзімі тағы бір айға ұзартылды. Бұл туралы Ақмола облысының прокуратурасы хабарлады.

Фото: Оксана Матасова / Kazinform

Бұған дейін 2026 жылдың 4 наурызында Көкшетау қаласының мамандандырылған тергеу соты «Палау орталығы» иесін екі айға қамауға алуға санкция берген болатын. Енді бұл мерзім тағы бір айға ұзартылды.

Ведомство Щучье қаласындағы «Палау орталығы» дәмханасында болған өртке байланысты Қылмыстық кодекстің 292-бабының 3-бөлігі: «Абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу» бойынша қылмыстық іс қозғаған болатын.

Естеріңізге сала кетейік, 26 ақпан күні Щучье кафесінде газ қоспасының жарылуынан алты адам қаза тапқан болатын. Кейін құрбандар саны тоғызға жетті.

Одан соң жансақтау бөлімінде жатқан тағы екі адам көз жұмды.

Аталған оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, «Палау орталығы» кафесінің иесі ұсталды.