АСТАНА. KAZINFORM — Папуа-Жаңа Гвинеядағы Жаңа Британия аралының жағалауында магнитудасы 5,7 болатын жер сілкінісі болды. Бұл туралы Еуропа-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығы мәлімдеді, деп хабарлайды Report .
Орталықтың дерегінше, жер сілкінісінің ошағы шамамен 26,2 мың адам тұратын Кокопо қаласынан оңтүстікке қарай 121 шақырым жерде орналасқан. Жер сілкінісінің ошағы 10 шақырым тереңдікте болған.
Зардап шеккендер мен қираған нысандар туралы ақпарат түскен жоқ. Цунами қаупі жарияланбады.
Осыған дейін Панамада 6,1 балдық жер сілкінісі болды. Табиғи апаттан з мың адам зардап шекті.
Динара Маханова
Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің түлегі. Еңбек жолын 2011 жылдан бастаған. Әр жылдары аймақтық басылымдар мен «Kyzylorda-news.kz» ақпарат агенттігі және республикалық «Астана» телеарнасында жұмыс істеген.