Пасха аралы маңында магнитудасы 6,4 болатын жер сілкінісі тіркелді

АСТАНА. KAZINFORM — Пасха аралының оңтүстік-шығысында магнитудасы 6,4 болатын жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Kazinform агенттігі «Синьхуаға» сілтеме жасап.

Фото: Anadolu

АҚШ Геологиялық қызметінің мәліметінше, жер сілкінісі бейсенбі күні Астана уақытымен сағат 12:49-да (Гринвич уақытымен 07:49) болған.

Алдын ала деректер бойынша, жерасты дүмпуінің ошағы оңтүстік ендіктің 36,41 градусы мен батыс бойлықтың 98,05 градусы нүктесінде орналасқан. Жер сілкінісінің ошағы 10 шақырым тереңдікте болған.

Еске салайық, бұған дейін Қытайда бір тәулікте екінші жер сілкінісі тіркелгенін хабарлағанбыз.