Қытайда бір тәулікте екінші рет жер сілкінді
АСТАНА. KAZINFORM — 29 қазан кешінде Қытайда магнитудасы 4,3 болатын жер сілкінісі тіркелді. Бұл туралы Kazinform Қазақстанның ұлттық деректер орталығына сілтеме жасап хабарлады.
ҚР ҰЯО Геофизикалық зерттеулер институтының Деректер орталығының жедел мәліметіне қарағанда, жерасты дүмпулері Астана уақытымен 22:53-те (Гринвич уақытымен 17:53) тіркелген.
Эпицентр координаттары: солтүстік ендіктің 44,35 градусы, шығыс бойлықтың 82,43 градусы. Жер сілкінісінің магнитудасы — 4,3, энергетикалық класы — K=10. Ошақ 11 шақырым тереңдікте орналасқан.
Еске салайық, бұған дейін Қытайда 4,8 балдық жер сілкінісі болғанын хабарлаған едік.