Петропавлдағы көп бейінді қалалық жедел жәрдем ауруханасының травматология бөлімі қызметкерлері өткен тәулікте демалыссыз жұмыс істеді. Өйткені дәрігерлердің көмегіне жүгінушілер саябырламаған. Бірі көшеде келе жатып қол-аяғын сындырса, енді бірі жол-көлік апатына түскен екен.
«Ауа райына байланысты күшейтілген жұмыс тәртібіне көштік. Өткен тәулікте 120 адамды қабылдадық, соның 44-інде сынық болса, 46-сы түрлі жарақат алған, жол-көлік оқиғаларында зардап шеккендер де бар. 50-ден астам науқасқа гипс салып бердік. Алты адам ауруханаға жатқызылды. Олардың біреуі жол-көлік апатында жарақаттанған», — дейді аурухананың травматолог-ортопеді Денис Петров.
Петропавлда қар қалың түскенімен, ауа температурасы -3, -4 шамасында ғана. Көктайғақтан алаңсыз жүру мүмкін емес.
«Тұрғындар қысқы уақытқа аяқ киімді дұрыс таңдауы керек, ол жылы ең бастысы — тайғанамауы тиіс. Спирттік ішімдіктен бас тартып, қазіргідей көктайғақта абайлап жүрсе екен», — дейді дәрігер.
Кеше Солтүстік Қазақстан облысында қар жауып, арты боранға ұласты.
Полицейлер көктайғақ салдарынан жолдан шығып кеткен көлік жүргізушілеріне көмектесіп жатыр.