Сондай-ақ 425 баспанада басқару формасы жоқ. Соның ішінде 27 көп қабатты үй апаттық жағдайда тұр. Олар негізінен екі қабатты үйлер.
— Тұрғын үй қорын жылыту маусымына әзірлеу күнделікті біздің бақылауымызда. Негізгі міндет — үй ішілік жылу желілерін жуып-шаю және қысыммен тексеру. Бүгінге дейін көп қабатты үйлердің тек 55% ғана бұл жұмысты істеді, — дейді қала әкімі Серік Мұхамедиев.
Ал облыс орталығындағы әлеуметтік нысандар қазір маусымға 95% дайын.
Биыл Петропавлда 7 км жылу желісі күрделі және ағымдағы жөндеуден өтуі тиіс. 4 км желінің жылу оқшаулағыш қабатын қалпына келтіру көзделген.
— Петропавлда әдетте жылу беру маусымы қыркүйек айының 20-25 аралығында басталады. Жылу нысандарға кезең-кезеңмен беріледі. Алдымен білім беру, медициналық, мәдениет-спорт нысандары қосылады, кейін тұрғын үйлерге жылу беріле бастайды.
Сондай-ақ 25 қыркүйекте дәстүр бойынша қаланың су беру желісін жуу жоспарланған. Облыс орталығы бір тәулікке судан ажыратылады, — деді Серік Мұхамедиев.
Осыған дейін СҚО-ның энергетикалық нысандарын жөнге келтіруге 24 млрд теңгеден астам қаржы бағытталғанын жазған едік.