«Үш күн ішінде 156 қылмыс ашылды. Оның ішінде қылмыстық кодекстің «ақпаратқа заңсыз қол жеткізу», «авторлық құқықтарды бұзу», «порнографияны тарату», «арнайы техникалық құралдарды тарату» баптары бойынша істер бар. Сондай-ақ ІТ-технологияларды пайдалана отырып жасалған 13 ұрлық қылысы анықталды. Интернет саласында 283 алаяқтық қылмысы тіркелді», - Ш. Тұрлыбек министрліктің кезекті брифингінде.
Оның айтуынша, Жамбыл облысының полиция қызметкерлері интернет-алаяқтық қылмысы бойынша күдікке ілінген 20 жастағы Шымкент тұрғынын ұстады. Аталған адам Instagram-да жалған аккаунтын ашып, жәбірленушілерге банктегі несиелерді төмен пайызбен қайта қаржыландырамын деп алдаған. Қазіргі уақытта күдіктінің 5 интернет-алаяқтық жасауға қатысы бар екені анықталды.
«Сонымен қатар, операция кезінде 154 лицензияланбаған диск пен флэш-диск тәркіленді. Бұдан бөлек, полицейлер үш тыңшылық жасауға арналған үш құрылғыны тәркіледі», - деді ведомство өкілі.
Бұдан бұрын хабарланғандай, елімізде бір аптада 3 мыңға жуық қылмыс тіркелді.